Сарыағаштық А.Батырбековты Алматы қаласының тұрғыны сотқа бермекші

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Сарыағаш ауданы Прокуратурасынан Алматы қаласы тұрғынынан А.Батырбековке қатысты арыз келіп түскен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 385-бабы «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» бойынша тіркеуге алынған.
13 ақпан күні арызданушымен беттестіру үшін А.Батырбеков Сарыағаш АПБ-не шақыртылған.
Бірақ, оның келмеуіне байланысты 14-ақпан күні Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлерімен Түркістан қаласында ұсталды.
А.Батырбеков Жамбыл облысында туысының қайтыс болуына байланысты жолға шыққанын ескеріп, полицейлер оны жіберген.
Қазіргі таңда істің мән жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.