Түркістан: Жастар ағылшын тілін тегін үйренуде

Еріктілер жылына орай Түркістанда «OPEN ENGLISH» жобасы бастау алды. Қоғамдық даму басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығы қолға алған жобаның аясында жастар ағылшын тілін тегін үйренетін болады. Тіл үйрететін ұстаз да ерікті ретінде жұмыс істеп жатыр.

111

Жобаның ашылуында Жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Амалбек Өміртай бәсекеге қабілетті маман болу үшін шет тілін меңгерудің маңыздылығын түсіндірді.
— Жастар біздің болашағымыз. Жақсы маман болып қалыптасуы үшін қолдау көрсетіп, кең көлемде жағдай жасауымыз қажет. Еріктілер жылындағы «Білім» жобасы аясында жастарға ағылшын тілін үйретіп, компьютерлік сауаттылықты жетілдіруге көмектесу мәселелеріне назар аударып отырмыз. Жобаға қатысуға ниетті жастарға есігіміз әрдайым ашық – деді А.Дәркенұлы.
Білікті оқытушы Әлімжан Бекболатов Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеттің түлегі, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ – дің магистранты. «Ағылшын тілі» мамандығын меңгеріп, кейіннен Еуропада, Америкада білімін жетілдіріп келген. Қазір орталықтағы тіл үйрету курсының жетекшісі. Сапалы білім беріп, білікті ұстаз атанған оқытушыны жастар да арнайы іздеп келеді.
— Мен жастар орталығында ағылшын тілін үйрететін орталықтың бар екендігін есітіп келдім. Мұнда барлығы тегін екен. Қазір білімімді жетілдіріп жатырмын. Болашақтар аудармашы болғым келеді – дейді Назерке Есмырза.
Қазір орталықтағы курста 30 оқушы екі кезеңге бөлініп тіл үйреніп жатыр. Баршасыда жастарға қолдау білдіріп, үлкен көмек беріп отырған басшыларға алғыстарын айтуда.