Өмірзақ Шөкеев: Кентау – Түркістан қаласымен қатар дамиды

Кентау қаласы әкімінің есептік кездесуіне қатысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығы Түркістанмен бірге Кентау қаласы да қатар дамитындығын атап өтті.

118
«Әкімдердің ел алдында есеп беруі кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен енгізіліп, қалыптасқан дәстүрге айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл дәстүрге үлкен маңыз беріп, жаңаша өткізу үшін өзгерістер енгізді. Өздеріңіз көріп жүргендей, жаңашылдық қарқыны жақсы. Бүгінгі кездесу соның бір дәлелі. Кентау 65 жылдық тарихы бар қала. Кезінде өндіріс өркендеген өңір болған шаһар елдегі дағдарыс салдарынан біршама қиындықтарды бастан өткерді. Қазір жағдай тұрақтанып, Кентаудың жаңа дәуірі басталды. Қала әкіміне үлкен жауапкершілік артып, сенім білдіріп отырмыз. Өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда жоспарлары бар. Әсіресе, әлеуметтік салаға басты бағыт беруі керек. Сондай-ақ, Кентауда ауыл шаруашылығы жақсы дамып келеді. Шет елдің тәжірибесіне сүйеніп, бұл салада да көптеген жұмыстар атқаруға болады», – деді Өмірзақ Естайұлы.