Шымкент әкімі американдық инвестормен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Америка Құрама Штатының «Valmont» компаниясының вице-президенті Гиллен Роберт бастаған бір топ делегаттармен кездесті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде америкалық компания Қазақстанда жаңбырлатқыш қондырғылар зауытын салуға ниетті екенін айтып, инвестициялық жоба туралы таныстырып өтті.
Ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңыздылығын ерекше атап өткен қала басшысы Қазақстанның үшінші мегаполисі елдің жетекші өндірістік және экономикалық орталықтарының бірі болып табылатынын айтты. Сонымен қатар, Мұрат Дүйсенбекұлы ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылатын жобалар туралы жоспарларымен бөлісті.
Кездесу соңында әкім халықаралық агроөнеркәсіп саласындағы мамандандырылған компаниямен екі жақты іскерлік қарым-қатынасты орнатуға ниетті екенін жеткізді.