ҰҚК қызметкерлері түркістандық тұрғынды не үшін ұстады?

Түркістан облысы, Келес ауданында ҰҚК қызметкерлерімен терроризмді насихаттады деген күдікпен жергілікті азамат ұсталды. Elitar.kz порталының сенімді дереккөзінің мәліметінше, Келес ауданының 56 жастағы тұрғынына ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы, 2-тармағы (Терроризмді насихаттап, террорлық акт жасауға үгіттеу) бойынша айып тағылып отыр.
Тінту барысында күдіктіден Қазақстанда рұқсат етілмеген теріс ағымды насихаттайтын 8 діни кітап табылды. Арнайы операцияның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті.