«Түркістан тұлғасы» кітабы жарық көрді

255

Түркістан облысында Елбасы –Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың түркі әлеміндегі орны мен Түркістан облысын құрудағы тарихи рөлі ескеріле отырып, «Түркі әлеміндегі 100 жаңа есім жобасы және түрколог ғалымдардың Түркістан атауына қатысты ғылыми ізденістері мен идеялық концепциясы» жобасының аясында «Түркістан тұлғасы» деп аталатын бірегей ғылыми еңбек жарық көрді.
Ғылыми ізденіс қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде әзірленген. 2019 жылы Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі отырысы кезінде Түркі әлемінің Жоғары ордені табысталған болатын.
Осыған орай, А.Жалмырза, Б.Ғабдулина, Қ.Жанпейісова секілді ғылым өкілдері мен түрколог мамандар бірлесе жазған еңбек – өзінің ғылыми ізденістерімен және түрлі дереккөздерді пайдаланғанымен құнды. Түркістан облыстық қоғамдық басқармасының қолдауымен жарық көріп отырған монография түрінде жазылған ғылыми басылым оқушылар мен студенттерге және ғалымдарға, көпшілік оқырман қауымға арналған.