ШЫМКЕНТ: Бадам өзеніндегі көпірдің бір бөлігі ашылды

15

Шымкент қаласындағы «Қорғас — Алматы — Шымкент — Өзбекстан Республикасының шекарасы» А-2 автомобиль жолындағы Бадам өзенінен өтетін көпірдің бір бөлігі пайдалануға берілді, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Аталған көпірдің жалпы ұзындығы 144 метр болса, жүріс бөлігінің ені – 11,5 метр және жалпы ені – 28,2 метрді құрайды. Сондай-ақ, жоспар бойынша көпір құрылысы толығымен 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған. Елу жылдам астам тарихы бар ескі көпірдің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған соң, жаңа көпір ел игілігіне берілетін болады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен Шымкентте А-2 автомобиль жолын қайта құру жұмыстары атқарылуда. Жоба 8 кезеңнен тұрса, оныңтөрт кезеңінде құрылыс жұмыстары, қалған 4 кезеңінде жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге салар болсақ, осы ескі көпір арқылы Қазығұрт ықшам ауданы мен Шымкент қаласын тұтастырып тұрған болатын. Алайда, көпір құрылысы ескіріп күрделі  жөндеу керек болып еді. Бүгінде қаланың маңызды нысаны ретінде қайта жөндеуден өтіп отыр.