ТМД мәдени астанасы эстафетасы Шымкентке беріледі

19

Брест қаласы 9 желтоқсанда ТМД мәдени астанасы эстафетасын Шымкентке табыстайды. 9 желтоқсанда Беларусьте Ленин комсомолы атындағы Брест академиялық драма театрында салтанатты іс-шара өтеді.
Мерекелік концертке ТМД елдерінің үздік өнерпаздары қатысады. Бұл жерде Брестің эстафетасын Шымкент қабылдап алады. Ал «Достастық дебюттері» премиясының лауреаттары қонақ ретінде шақырылды.
Брестке «ТМД мәдени астанасы — 2019» жабылу салтанатына ТМД Атқарушы комитетінің, ТМД-ға мүше елдердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының, ТМД гуманитарлық ынтымақтастық қоры мен кеңесінің басқарма мүшелері қатысады. Қонақтар «Брест қорғаны» мемориалдық кешеніне барып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қояды.
Шымкент 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы болады. Бұл туралы Өзбекстан астанасы Ташкентте ТМД елдерінің сыртқы істер министрлер кеңесінің кезекті мәжілісінде айтылды.
«ТМД елдерінің мәдени астанасы» бағдарламасын жүзеге асыру туралы шешім бірден қабылданды. Осы құжатқа сәйкес, енді 2018 жылы Алманияның Горис қаласы, 2019 жылы Белорусияның Бресті, ал, 2020 жылы Қазақстан жағынан Шымкент шаһары ТМД мәдени астанасы мәртебесіне ие болады. Миллиондар қаласы алдағы 3 жылда адам танымастай түлемек. Шаһар шырайын кіргізетін «Шымкент — Сити» жобасы жүзеге асады. Талайлар тамсанатын қалаға айналады. Қазір бұл бағыттағы жұмыс жанданған. «Шатқал» бағдарламасы бойынша егілген тал-дарақтар 2020 жылға дейін жайқалған жасыл желекке айналады.