Солтүстікке көш: Ғабит Мүсірепов ауданында 15 үй дайын

Осыдан алдыңғы мақаламызда жазғанымыздай, танымал әлеуметтік желі қолданушысы әрі қоғам белсендісі Өмір Шыныбекұлы өзінің фейсбук парақшасында М.Жұмабаев ауданы әкімінің кеңесшісі Нұржамал Тәмбетованың: Дәл қазір Ғабит Мүсірепов ауданында 15 үй дайын. Келемін деушілерге демеу көрсетіледі. Сол үйлердің фотосы деген арнайы жазбасымен бөлісті.

69

Осы орайда, Adym.kz ақпарат агенттігі аталмыш үйдің суретін жүктеп, оңтүстік өңірдегі ағайындарды солтүстікке көшуге шақырады. Қазір қоныс аударсам дейтін әрбір отбасы дәл қазір Ғабит Мүсірепов ауданынан дәл мақалада жүктелгендей суреттегі кең үйге ие бола алады. Толық ақпарат алу үшін Өмір Шыныбекұлының әлеуметтік желідегі парақшаларына хат жазып, нақтылауға болады.