Серпін: Түркістаннан солтүстікке 1500 отбасы көшкен

#Түркістаннан_теріскейге тағы бір көш бет түзеді деп фейсбук парақшасында арнайы пост жазған Өмір Шыныбекұлы парақшасынан келесідей деректермен бөлісті.

69

Оқырманымыздың есінде болса, 28 маусым күні Арыс қаласының тұрғыны Бексұлтан Сейітқазиев отбасына көмек сұрап пост жазғанбыз (Сол кезде алғашқы болып көмек қолын соған Алия Кудайбергенова қарындас болған). https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2173831102715048&id=100002645384600
Кәмелетке толмаған 9 балалы Бексұлтанның отбасында баспана жоқ. Арыс қаласында пәтер жалдап тұратын.
Өзі механизатор, әйелі тігінші Бексұлтан СҚО, М.Жұмабаев ауданына қоныс аударуға шешім қабылдады. Ол жақта баспана және өзге де көмек мәселелерімен М.Жұмабаев ауданы әкімінің кеңесшісі Нуржамал Тамбетова қарындасымыз айналысып жатыр. Бұрын мақта өсіріп, сыпырғы еккен Бексұлтан үшін қолайлысы диқаншылық болар деп ойлаймын (Ол жағын өзі шеше жатар). Диқаншылық жасаймын деген адамға солтүстікте жер де, мүмкіндік те жетерлік.
Ең бастысы «тарс» етіп шар жарылса да селк ете қалатын Арыстық 9 балапан үрейден арылатын болды.
Ал өзге ағайындарға айтарым.
Қазақ баласы үшін пәтер жалдап жүріп, келін түсіріп, қыз ұзатқаннан өткен масқара кем болса керек..
Егер баспанаңыз жоқ болса СҚО, ШҚО, Қостанай, Павлодар облыстарына қоныс аударыңыз.
Жұмысыңыз жоқ па?
Солтүстікке тартыңыз.
Жұмыс та, мүмкіндік те жетерлік..
Кәсіп ашқыңыз келеді ме?
Солтүстікке тартыңыз!
Бәсеке жоқ.
Қапы қалма, ағайын!
«Көз қорқақ, қол батыр»,
«Уайым түбі — тұңғиық, батасың да кетесің,
Тәуекел түбі — желқайық, өтесің де кетесің» деп арнайы пост жазған Ө.Шыныбекұлы осы мәселемен тұрақты түрде айналысып келеді.
Айта кететін жайт, 1500 адамның көші — 10 айдың көрсеткіші. Бұл биылғы жоспарланған көрсеткіштен 427 адам мен 40 адамға артық.