Қаратау тәжіндегі кенді қала — Кентау 64 жылдығын атап өтті

72

Биыл Қаратау тәжі саналатын Кентау қаласының құрылғанына 64 жыл. Моно қала тұрғындары айтулы мерекені атап өтті. Осы күні шаһарда бырқатар нысандар пайдалануға берілді. Сонымен қатар, арнайы салтанатты жиын ұйымдастырылып онда, кенді шахардың өсіп өркендеуіне үлес қосқандар қаланың «Құрметті Азаматы» атанды.
Қала күні мерекесі қарсаңында Кентау шаһарында бес бірдей көпқабатты тұрғын үйдің ауласында балалар алаңшасы пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Яссауи көшесінде орналасқан №89, 89А, 91 және Төлеби көшесіндегі 78, 80 – тұрғын үйдің бүлдіршіндері енді жаңа ойын алаңында ойнайтын болды. Сонымен қатар аталған үйлердің аулалары да қала күні қарсаңында ерекше кейіпке енді.
Қала күніне арналған негізгі шара орталық алаңда өтті. Оған облысқа танымал тұлғалар мен алыс-жақын шетелдерден де қонақтар қатысты. Олар алдымен қаланы аралап кенді шаһардың өткенімен танысты.
«Бұл қаланың құрылғанымен есептесек, жас бірақ, тарихы өте тереңде екен. Мен Кентауда тұратын таныстарым арқылы оның өткенімен таныстым. Өте қызық. Орналасқан жері де тамаша. Түркістанға жақын, Қаратаудың түбінде.  Барлық тұрғындарды қала күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын», дейді Жапонияның ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Тацухико КАСАИ.
Қала тұрғындары мен қонақтарын шаһар басшысы орталық алаңда құттықтады. Көпшілік алдында сөз алған әкім алдымен қалада атқарылып жатқан жұмыстар мен таныстырды. Одан кейін, қаланың өсіп – өркендеуіне үлес қосқан 9 азамат «Құрметті азамат» атағын иелесе, жетеуіне ерен еңбегі үшін төсбелгісі тағылды.