Шардарадағы денсаулық сақтау мекемелеріне жапонияның томограф апараты орнатылды

69

Шардарадағы орталық ауруханада компютерлік томограф апараты іске қосылды. Соңғы үлгіде жасалған Жапондық құрылғы адам ағзасындағы кінәратты дәл табады. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев шағалалы өңір дәрігерлерімен бірге жаңа қондырғының тұсауын кесті.
Өңірімізге келген су жаңа Aquilion Prime SP  компьютерлік томографы жоғары сапалы CANON технологиясы негізінде жасалған. Ерекше рентгендік сканер 78 см-лік кеңейтілген аператураға ие. Кесте салу қабілеті — 200 кг. Қажет болса бұл көрсеткішті 300 кг дейін арттыруға болады. Бұл қондырғы 24 сағат бойы үздіксіз жұмыс істейді. Ең негізгісі адам бойындағы сырқатты дер кезінде анықтап береді. Оған қоса  адам денсаулығына зиянсыз болып табылады.
Мұқан Егізбаев – Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Бұндай Медициналық мүмкіндікке ие жаңа  аппарат  облысымыз бойынша екі жерде ғана бар.  Оның бірі  Түркістан қалалық орталық емханасында болса екіншісі Шардараға берілді.  Шағалалы өңірдің таңдалуы да бекер емес. Өйткені арғы жағалауда  Мақатаарал мен Сарыағаш іргелес    орналасқан. Енді үш өңірдің тұрғындары өзге жаққа сабылмайды. Медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында  аудандық ауруханаға   «Lada Largus» автокөлігі  берілді. Осылайша  шалғай жатқан ауылдардағы науқастарға жедел қызмет көрсету мәселесі оң шешімін тапты.
Нұрғали Молдаханов — Шардара аудандық орталық емханасының бас дәрігері
Шардара аудандық орталық емханасында 12 төсек-орындық инсульт бөлімшесі іске қосылған, оңалту орталығы жұмыс жасауда.  Сондай-ақ, механика-терапиялық аппараттармен емдік дене-шынықтыру, массаждың дәстүрлі және инновациялық технологиялары бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ал, жаңа құрылғы талай науқастың дертін дер кезінде анықтауға мүмкіндік бермек.