Түркістанда «Ана мен Бала» ғылыми форумы өтті

84

Облысымызда ана мен бала денсаулығына көп көңіл бөлініп келеді. Соның нәтижесінде өңірде ана-мен бала өлімі біршама азайған. Алайда ақ халаттыларды алаңдататын өзге де мәселелер бар. Соның бірі әйелдердің жиі жүкті болуы. Бұл жағдай нәрсете мен ана денсаулығының төмендеуіне тікелей себеп болатын көрінеді. Түркістанда өтен «Ана мен Бала» ғылыми форумында жүктілік кездіндегі медициналық бақылау мен адам ағзасын қалпына келтіру мәселесі сөз болды.
Форумға ел аумағынан жүкті әйелдер мен болашақ ана атанғысы келетін нәзік жандыламен тікелей жұмыс істеп жүрген ең мықты деген мамандар мен өңірдегі барлық акушер – гинекологтар қатысты. Алдымен тәжірибелі дәрігерлер баяндама жасады. Онда   ана мен бала дансаулығын жақсарту, қайғылы оқиғалардың алдын қалай алуға болатынын түсіндірді. Білікті мамандардың мәлімдеуінше ұлт денсаулығын жақсарту үшін ең алдымен нәрестелердің сау болуына мән беру керек.
Талшын Үкібасова – «Ана мен Бала» ұлттық ғылыми орталығының профессорыНегізінде денсаулықты құрастыру үшін кішкентай кезінен тәрбие кішкентай кезінен денсаулықты дұрыстау керек. Сонда барып болашақта ересек болган кезде анасының да әкесінің де денсаулығы жақсы болса біздің елге дені сау ұрпақ келеді.
Ана мен бала денсаулығын жақсарту үшін облыс көлемінде де тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Облыстық басқарма басшысы Мұқан Егізбаевтың айтуынша бүгінде жүкті әйелдердің жағдайы ақ халаттылардың жіті бақылауында. Олардың қажетті медициналық көмек алу үшін өңірде барлық мүмкіндік қарастырылған. Одан шығып отырған нәтиже де көңіл қуантады. Мәселен соңғы екі жылда өңірдегі ана мен бала өлімінің көрсеткіші республикалық көрсеткіштен  төмендеген.
Мұқан Егізбаев – облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысыҚазір барлық перинеталдық орталықтарда ауыр халдегі ауруларды облыстық клиникалық ауруханаға алып келіп жатырмыз. 1 сағаттың ішінде консилиум жасап егер ауыстыратын жағдай болса облыстық перинеталды орталыққа клиникаға ауыстырып жатырмыз. Соның арқасында ана өлімі нәрестелер өлімі біздің Түркістан облысында азайып келе жатыр.
Басқосуда  жүктілік кезінде аналарға қандай күтім жасалуы керек екені туралы да түсіндірілді. Ол бойынша елдегі медициналық ұйымдар арнайы көрме ұйымдастырып, өз жұмыстары туралы да мәлімет берді.