Түркістандағы жоғары оқу ордасы тағы да 3370 студентпен толықты

74

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті — рухани шаһардағы ең ірігелі оқу орындарының бірі. Бүгінде 10 мыңнан астам студент білім алады. Түркістан қаласымен қатар көркейіп келе жатқан білім ордасы биыл тағы да 3370 студентпен толықты.
Университет — 1991 жылы Елбасы Нұрсұлтан  Назабаев пен Түркия мемлекетінің экс-президенті Сүлеймен Демерелдің қолдауымен іргесі қаланған. Алғашында 300 студент қана қабылдана, бүгінде 10 мыңнан асады. Шарада биылғы оқуға түскен 11 факултеттің 3370 студенті қызыл кілемде жүріп өтті. Оның ішінде 1300 ге жуығы мемлекеттік грант иелері.
Болатбек Әбдірәсілов — Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры
Биыл сондай ерекше жыл болып жатыр. Себебі, Мемлекет басшысының жаңа стратегиясымен үлкен қадам басып келе жатыр. Әрине мықты университет болу үшін алдымызға үлкен мақсаттар қойып отырмыз. Мықты студенттер болуы керек. Бүгін өте дарынды, сондай сүйкімді  студенттерді қабылдап, Мен ойлаймын, болашағы мықты азаматтарды қабылдадық деп.
Бірінші курсқа аяқ басқан Бибіханның қуанышында шек жоқ. Себебі, дәл осы оқу ордасынан болашағының жарқын болатынына сенеді. Жаңа оқу жылында унивситеттің атын шығарып, жетістікке жетіп те үлгерген.
Бибіхан Набиева — студент
Биыл 1 курс студенті болып түстім. Университетте спорт жағы қатты дамыған. Өзімнің спортқа қызғушылығыма байланысты университеттің атынан  Үнді еліндегі Азия чемпионатына бірінші орын алдым.
Университет алдағы уақытта дүние жүзіндегі және  түркі әлеміндегі іргелі оқу орындарымен тең дәрежеде дами түспек. Сонымен қатар, заманауи түркиялық үлгідегі 500 орындық жатахана салу жоспарға алынған. Шарада  қарттар күні мен аяулы ұстаздар қауымының төл мерекесі де тойланды. 11 факултеттің 30-ға жуық түрлі дәрежедегі оқытушылары арнайы алғыс хатпен марапатталды.