Кентаулық азамат «Жомарт жүрек» сыйлығын иеленді

70

Кентаулық бір топ азамат «Жомарт жүрек» сыйлығының иегері атанды. Іскер жандар әлеуметтік әлеуеті төмен отбасыларға демеушілік қолдау көрсеткен. Бірі Арыстағы жағдайға байланысты қаржылай қолдау көрсетсе енді бірі жетімдерге материалдық көмек берген. Қайрымды жандар Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласына осылайша өз үлестерін қосты.
«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары Кентау қаласы әкімінің алғыс хаттарына ие болып, арнайы бағалы сыйлықтар тапсырылды. Оларға «Туған өлке», «Жыл меценаты», «Ерен еріктілік» сынды бірқатар аталымдар бойынша құрмет көрсетілді. Ізгілікті істен  қалыс қалмай, қолында бар мүмкіндікпен бөлісіп жүрген азаматтарға  атқарушы биліктің айтар алғысы шексіз. Айта кетейік, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында салт дәстүрімізді дәріптейтін, сонымен бірге туған елге деген патриоттық сезімді қалыптастыру бағытында түрлі шаралар ұйымдастырылды. Аймақтың белді бизнесмендері мен бірқатар қоғам қайраткерлері қаланы көркейту мен инфрақұрылымын жақсарту жобаларын ұсынса, жастар жағы да ұйымдастырушылық қабілетін іске асырды.
«Мен жағдайы төмен отбасыларға ылғи көмек қолын созып тұрамын. Әлеуметі төмен көп балалы аналарға мемлекет тарапынан қодау көп. Арыс қаласын қайта түлетуге атсалыстық, дейді жеке кәсіпкер Бекжігіт Маннапов.
Игі ісімен көпке үлгі меценаттарды құттықтау рәсімі концерттік бағдарламамен түйінделді.