Келес ауданында жаңа форматтағы білім орталығы ашылды

67

Келес ауданында алғаш рет білім орталығы ашылды. Ұйым әлемдік үздік тәжірибеге сүйене отырып еркін фортматта құрылған. Ақпараттық қоры мол. Электронды кітаптар, тегін ғаламтор желісімен қамтылған.
Орталық жуырда ашылғанымен, мұнда келетін жастардың қарасы қалың. Басым бөлігі ақпараттың электронды түрін пайдаланады. Ұйымның ашылуы жас буынның уақытын тиімді пайдалануына сеп болды.
Ғалия Манахова – Келес аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ директоры
Жастарымызды жаңа білім ағымына жетелейтін білім мен тәрбиеге жол ашатын орталық боларына сенім сол. Барлық санаттағы ақпараттық жүйемен қанағаттандыру үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдаланатын кітапхана жүйесін құру мақсатымыз.
Орталық Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде ашылды. Мұнда кітапханадағы бірқатар әдебиеттер цифрландырылған.  Жауаптылар орталық форматының ерешелігі көптің қызғушылығын тудырып отырғанын айтады.
Ғалия Манахова – Келес аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ директоры
Оқу залында тыныштық сақталады. Ал, бұл білім орталығы еркін алаңда яғни кез-келген адам келіп семинар трейнинг, бірлестік жетекшілері жобаларын өткізе береді.
Келес ауданында 24 кітапхана болса, онда 56 000-ға жуық кітап бар. Алдағы уақытта аталмыш білім орталықтарының қатары артады. Ал, оқулықтар кітапхана қорынан алынады.