Шымкент: Жыл соңына дейін 5 жекеменшік мектеп ашылады

43

Үшінші мегаполисте үш ауысымда білім беру мәселесі оңтайлы шешіліп келеді. Бүгінгі таңда қалада үш ауысымды 19 мектеп болса, қыркүйек айында 4 мектептің мәселесі толық шешілді. Бұл туралы Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева қалалық әкімдіктің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— 2019-2020 оқу жылында Шымкент қаласындағы 701 білім беру мекемелерінде 305 696 балалар білім алуда. Бүгінгі таңда, баскармаға қарасты мектептердің 127-і типтік ғимаратта, 7-і мектеп Ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Білім саласына 2019 жылға 77 987 821,0 мың теңге бөлініп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 35%-ға артып отыр. 501 мектепке дейінгі мекемелерде 76 339 бала қамтылған (o.i. 57 мемл. — 21 954, 416 жекем. — 42 699, мектепалды даярлық топ — 11 474). Қазіргі таңда, қаладағы балабақшамен қамтуды қажет ететін 3-6 жастағы 73 031 баланың 69 559-і немесе 95,2%-ы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылған, — деді А.Қалыбайқызы.