Nur Otan : Өтініштер ескерусіз қалмайды

122

Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округіне қарасты, Ханқорған елді мекенінің тұрғыны З.Бекбаева ауданның Ш.Уалиханов атындағы көшесінің бүгінгі жағдайы қиыншылық тудыратындығын айтып партияға өтініш білдірген.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев мәселені бақылауға алып, аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы, Сайрам аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бейсенбаев Баймырза және аудандық мәслихаттың депутаты, фракция мүшесі Батырбек Зиятаевтарға Ш.Уалиханов көшесінің жағдайымен танысып, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, Сайрам аудандық мәслихатының депутаты өз қаражаты есебінен алдағы 10-15 күннің ішінде көшені толықтай асфалттап беруін тапсырды.
Нәтижесінде бүгін Ханқорған елді мекеніндегі Ш.Уалиханов көшесіне толықтай асфальт төселіп, пайдалануға беріліп, көше тұрғындарына қуаныш сыйлады.
Ауыл тұрғындары «Халыққа көмек» жобасы аясында халықпен кері байланыстың қуатты жүйесін қалыптастыра білген «Nur Otan» партиясы мен мәслихат депутаттарына және аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне өз алғыстарын жеткізді.
Жалпы ағымдағы жылы Көлкент ауылы Ханқорған елді мекенінде ұзындығы 5-0 шақырым тұйықтар мен өткелдерге 46,6 млн теңге қаржы қарастырылып, ішкі шаруашылық жолдардың орта жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Алдағы уақытта ауыл тұрғындарының ұсынысы бойынша 2-ші кезеңге ұзындығы 3,2 шақырым болатын тұйықтар мен өткелдерге негізделген құжаттар дайындалып, қаржы көлемі анықталған соң бюджеттік комиссияға қаржы қарастыруға ұсыныс беріліп, жөндеу жұмыстары толығымен жүргізіледі деп күтілуде.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз-қызметі