Шымкенттік полицейлер оқушыларға көмек көрсетті

43

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.Жұмаханбетовтің бастамасымен «Өзіміздің полиция» акциясы аясында тәртіп сақшылары мектеп оқушыларына көмек көрсетті.
Қаратау ауданы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары және әкімшілік қызметкерлері мен қоғамдық белсенділер Достық шағынауданында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына қажеттіліктерін дайындап, көмек көрсету мақсатында 35 мектеп сөмкесі мен кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті.
Акция барысында өткізілген халықпен кездесуге Қаратау ауданы Полиция басқарамасы бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Н.Абдураманов және әкімшілік қызметкерлер мен жалпы шамамен 90 жергілікті тұрғын қатысты.
Қаратау ауданы аумағында ойын-сауық, сауда орындары, жанар-жағармай құю бекеттері тексеріліп, меншік иелерімен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Қаратау ауданына қарасты учаскелік полиция инспекторлары күнделікті өздеріне бекітілген әкімшілік аумақта халықпен өздерін таныстыру бойынша үздіксіз жұмыс атқаруда.