Шымкентте медиация қызметі жүйелі жұмыс істеуде

82

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотының судья-медиаторы Л.Ауелбекованың көмегімен бір күнде төрт жұбайлардың арасындағы некені бұзу туралы талап қою арыздарымен қозғалған азаматтық істер қаралып, медиация тәртібімен аяқталды.
Алдын ала сот отырысы барысында, төрағалық етуші судья тараптарды бітімге шақырып, «Медиация туралы» заңның талаптарын және онда қарастырылған рәсімдерді егжей-тегжейлі түсіндіріп, бітімге келудің екі жаққа да тиімділігін сол арқылы уақыт та, қаржы да үнемделетінін ескертті. Соның нәтижесінде, тараптар медиациялық келісімді бекітуді сұранған. Оның шарттары бойынша талап қоюшы өзінің талап арызынан бас тартады, ал жауапкер талап қоюшыға және кәмелет жасына толмаған балаларына қамқорлық жасауға, материалдық жағдайын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Соттың ұйғарымымен тараптардың араларындағы түзiлген, дауды медиация тәртібінде реттеу келісімінде көрсетілген шарттарымен қоса бекiтiлді. Бұл істер бойынша төленген мемлекеттік баж салықтары талап қоюшыларға қайтарылып, азаматтық iс бойынша өндiрiс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. Ұйғарымдар заңды күшіне енбеген.
Сондай-ақ Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотында талап қоюшы Ф.А.-ның жауапкер Ш.А.-мен неке бұзу туралы азаматтық іс қаралды. Іс қарау барысында, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу үшін сотқа төмендегідей талаптарды көрсете отырып медиативтік келісім бекіту туралы арызбен жүгініп, істі өндірістен қысқартуды сұрады. Соның негізінде талап қоюшы Ф.А.-ны жауапкер Ш.А.-мен алдағы уақытта бірге туратының айтып, неке бұзу туралы талап қою арызынан бас тартты.
Жауапкер Ш.А. талап қоюшы Ф.А.-мен медиативтік бітімгершілікке келіп татуласып алдағы уақытта бірге туратынын айтты, жауапкерге ешқандай шағымы жоқ. Сот бітімгершілік келісімінің талаптары заңға қайшы келмейтінін, сотта бекітілген келісім ешкімнің құқығы мен бостандығы, заңды мүдделерін бұзыбайтығын ескеріп, бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарым қабылдады.