Түркістан: Асықата кентінде «Мырзашөл» ақпараттық-білім беру орталығы құрылды

2019 жылдың 13 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Асықата кентінде «Мырзашөл» Ақпараттық-білім беру орталығы құрылып, жұмыс істей бастады.
Асықата кентінде «Мырзашөл» Ақпараттық-білім беру орталығының құрылтайшысы — Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Асықата кентінде ашылған «Мырзашөл» Ақпараттық-білім беру орталығының мамандары жұмыс күші артық өңірлерден шыққан жастарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беруге және оларды жұмыс күші тапшы өңірлерге – Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына жұмысқа орналастыруға бағытталған «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша ақпараттық кеңес беру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Талапкерлер мен ата-аналарға қызмет көрсету — тегін.
Анықтама үшін ұялы байланыс нөмірі: +7 701 397 17 13 (Мырзантай Қожабайұлы).