Кандидат А. Таспиховтың Түркістан облысы бойынша қоғамдық штабының өкілдері Төлеби ауданы сайлаушылармен кездесті

2019 жылғы 16 мамыр күні Төлеби ауданы  Леңгір қаласының  мәдениет үйінде ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Түркістан облысы бойынша қоғамдық штабының төрағасы Берік Бекжанов  пен үміткердің сенімді өкілдері сайлаушылармен кездесті.
Білім, мәдениет және спорт, құрылыс  және  тұрғын үй шаруашылығы   салаларының өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер қатысқан алқалы кездесуге 110 сайлаушы қатысты.
Насихат шарасында үміткердің   Түркістан облыстық және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штабының жетекшісі, сенімді өкілі Берік Бекжанов алдағы сайлаудың саяси маңыздылығына тоқталып,  көпшілікті кандидаттың сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды.
Қатысушылар кандидат тұғырнамасының бүгінгідей нарықтық экономика дамыған дәуірде өзекті екенін айтып, еңбек адамдарының құқы мен мүддесін қорғау тұрғысындағы  мәселелерге орай ойларын ортаға салды.  Штаб өкілдеріне көпшілік тарапынан түрлі сауалдар да жолданды.
Штаб жетекшісі Берік Бекжанов пен обылыстық салалық кәсіподақ комиттетінің басшысы Маханов Абурайра ,аудандық өкілдер келушілердің  сұрақтарына жауап берді.
Басқосуға арнайы келген азаматтар Қазақстан кәсіподағының қызметін жандандыру жолындағы тың мүмкіндіктермен танысып,  қолдау білдірді.
Сондай-ақ  еңбек қауіпсіздігі мен ұжымдық шарттың әлеуметтік маңыздылығына ерекше ден қойды.